ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Қазақстанның ұлттық көрмесінің ашылу салтанатына қатысу үшін Мәскеуге ұшып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Қазақстанның ұлттық көрмесінің ашылу салтанатына қатысу үшін Мәскеуге ұшып кетті

ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Қазақстанның ұлттық көрмесінің ашылу салтанатына қатысу үшін Мәскеуге ұшып кетті

Бүгін, 14-тамыз күні таңертең ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Қазақстанның ұлттық көрмесінің ашылу салтанатына қатысу үшін жұмыс сапарымен Мәскеуге ұшып кетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Тамыз 2003
  • 324
Фото - Caravan.kz

Сапар аясында үкімет басшысы өзінің Ресейлік әріптесі Михаил Касьяновпен, РАО «ЕЭС России » компаниясы басқармаларының бастығы Анатолий Чубайспен жүздеседі деп күтілуде.

Мәскеуге аттанған еліміз өкілдерінің арасында ҚР қаржы министрі Ерболат Досаев, ҚР кедендік бақылау агенттігінің төрағасы Бердібек Сапарбаев, Елбасы әкімшілігі төрағасының орынбасары Ержан Өтембаев және басқа да министрліктер мен мекеме өкілдері бар.
Үкімет басшысы ертең, 15-тамызда Астанаға оралады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның ұлттық көрмесі Ресейдегі Қазақстан жылына арналған шаралар аясында тамыздың 14-17 аралығында Мәскеудегі Бүкілресейлік көрме орталығының аумағында өтеді. Оған еліміздің әр өңірінен жиналған 200-ге жуық компания және фирмалар қатысады.
Көрмеде Қазақстанның экономика, ғылым және технология саласындағы жетістіктерінен, қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін ұлттық дәстүр және аспаздық өнеріне, сондай-ақ, қазіргі заманғы көркемсурет және декоративті-қолданбалы өнер туындыларынан құралған кең көлемді тақырыптық экспозициялар қойылады. Ал көрменің «Жылу-энергетикалық кешен және мұнайгаз ресурстары», «Тау-кен металлургиялық кешен», «Машина жасау және металл өңдеу», «Көлік және коммуникация» , «Банк-қаржылық қызмет.Сақтандыру» , «Ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі», «Құрылыс және сәулет өнері», «Ғылым және технологиялар» тәрізді тақырыптық бөлімдерінде еліміздің жетекші кәсіпорындары өз өнімдерін назарға ұсынады.