Шығыс Қазақстан облысының экономикасы өркендеп келеді - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы өркендеп келеді - ҚР Елбасы

Шығыс Қазақстан облысының экономикасы өркендеп келеді - ҚР Елбасы

Елімізбен бірдей Шығыс Қазақстан облысы да экономикалық өрлеуге бет түзеді. Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс бабындағы сапарын қорытқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тұжырым жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Тамыз 2003
  • 3522
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының атап көрсеткеніндей, облыста өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, шағын және орта бизнес салаларының қай-қайсысы да жоғары қарқынмен дамып келеді. Облыс әлеуметтік берешектерден ада. Жалпы алғанда, облыс ахуалы жақсы деп бағалады Елбасы.

Семейді аралаған кезде Н.Назарбаев қаланың көркейе түскенін, жұмыссыздықтың азайғанын, көптеген жаңа кәсіпорындардың іске қосылғанын атап көрсетті. Қаладағы әлеуметтік базаның дамуына мән берген мемлекет басшысы Семейдегі аквасаябақтың ашылуы осыған нақты дәлел деді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Н.Назарбаев тамыздың 12-13 күндері жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысын аралады. Сапар аясында мемлекет басшысы Өскемен, Семей және Курчатов қалаларында болды. Өскеменде Н.Назарбаев қала және аудан басшыларымен, сондай-ақ, өңірдегі ірі кәсіпорын басшыларымен кеңес өткізді. Сондай-ақ, ол Үлбі өзені арқылы салынған жаңа көпірдің ашылу салтанатына қатысты. Курчатовта мемлекет басшысы Ұлттық ядролық орталықтың жұмыс барысымен танысты. Семейде Н.Назарбаев «Семей су» ЖАҚ-ын аралады.