Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,78-3,57 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,78-3,57 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,78-3,57 процентке арзандады

13-тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,78 процентке , NYMEX шикізат биржасында 3,57 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 14 Тамыз 2003
  • 414
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,02 долларға дейін кеміді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 3,57 проценке арзандап 30 доллар 78 центті құрады.