Батыс Қазақстан облысында 47 елді мекеннің болашақ дамуы бұлыңғыр деп бағаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында 47 елді мекеннің болашақ дамуы бұлыңғыр деп бағаланды

Батыс Қазақстан облысында 47 елді мекеннің болашақ дамуы бұлыңғыр деп бағаланды

Батыс Қазақстан облысында 47 елді мекеннің болашақ даму әлеуеті бұлыңғыр деп бағаланды. Бұл туралы облыстық экономикалық басқармасының бастығы Марат Нұрқуатов хабарлады.

  • 14 Тамыз 2003
  • 727
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысында барлығы 517 елді мекен бар, олардың 475-і жоғары және орташа даму әлеуетіне ие.

Елді мекендер үшін ең үлкен тауқымет — су қамтамасыздығы мәселесі болмақ. Айталық, 426 ауылда су құбыры желісі тартылмаған. Әрбір ауданда бірнеше елді мекен жеке су көзінен мақұрым. Ондағылар сырттан әкелінген суды сатып ішеді.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендердің арасында сенімді автожол қатынасы орнамаған. 6 аудан орталығы мен облыс орталығы арасында тас жол салынбаған.
Сонымен қатар 46 шақырымдық электр желілерін тарту қажеттігі туындап отыр.
М.Нұрқуатовтың айтуынша, ауыл тұрғындарының басым бөлігі томаға-тұйық оқшауланып, ақпараттық кеңістіктен тысқары өмір сүреді. Ауылдық жерлерде телефон номерімен қамтамасыздық деңгейі 100 адамға шаққанда 3,8-ді құрайды.
Ауылдағы ахуалды түбегейлі оңалтуға бағытталған кезек күттірмейтін кешенді шараларды ақырғы түзетуге бағытталған есеп-келісім процедуралары биылғы жылдың 1-қарашасына дейін аяқталады деп межеленген. Дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аймақтық бағдарлама облыстық мәслихаттың бекітуіне тапсырылады.