Алматыда "Әйелдердің сайлау процессіне қатысуы : мүмкіндіктер теңдігіне жол берейік" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Әйелдердің сайлау процессіне қатысуы : мүмкіндіктер теңдігіне жол берейік" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілуде

Алматыда "Әйелдердің сайлау процессіне қатысуы : мүмкіндіктер теңдігіне жол берейік" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілуде

Алматыда "Әйелдердің сайлау процессіне қатысуы : мүмкіндіктер теңдігіне жол берейік" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілуде. Дөңгелек үстелді ұйымдастыруға ҚР президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия, Орталық сайлау комиссиясы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы ұйытқы болды.

  • 14 Тамыз 2003
  • 614
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында атап көрсетілгеніндей, әйелдер мен еркектер арасындағы құқық және мүмкіндік теңдігі Ата заң жүзінде қамтамасыз етілгенімен, еліміз өмірінің кейбір салаларында әйелдерді алалау оқиғасы әлі күнге дейін көрініс береді.

Атап айтсақ, бас қосуға қатысушылардың мәліметі бойынша, елімізде басқарушы лауазымдарда, шешім шығаратын сатыда әйелдер өте аз. Мәселен, парламенттегі әйелдер саны жалпы халық қалаулылары санының небәрі 9 процентін құрайды. Ал жергілікті мәслихаттардағы әйелдер 19 процент үлеске ие. Еліміздегі 15 министрдің
2-і ғана әйел.
Мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істейтіндер арасында жоғары және арнаулы білімі бар әйелдер саны 40 проценттен асатынына қарамастан бірінші басшылар қатарындағы олардың үлесі 5 процентке әрең жетеді.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, осындай дөңгелек үстел өткізу қоғамдық маңызды салаларда әйелдер мен ер адамдар үшін саяси баспалдақтармен көтерілуге тең мүмкіндіктер тудыруға, әйелдердің сайлауларға көбірек қатысу мүмкіндігіне қоғам назарын аударуға түрткі болмақ.
Мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар және саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы әйелдер ахуалын жақсартуға, ұлттық сайлау заңын жетілдіруге, сайлау және саяси процесстерде жынысқа қатысты қатып қалған қағидалардан бас тартуға, оларға әйелдерді кеңінен қатыстыруға байланысты ұлттық шаралар жоспарын сарапқа салмақшы.
Дөңгелек үстел нәтижесінде Қазақстанның барлық салада әйелдер үшін құқық пен мүмкіндік теңдігін қалыптастыруға деген түбегейлі бетбұрысын дәлелдей отырып сайлауға қатысушы әйелдер белсенділігін арттыруға байланысты резолюция қабылданады деп күтілуде.