АҚШ сенаторы Ричард Лугар ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.29
  • 562.92
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ сенаторы Ричард Лугар ресми сапармен Қазақстанға келеді

АҚШ сенаторы Ричард Лугар ресми сапармен Қазақстанға келеді

17-18-тамызда АҚШ сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Ричард Лугар Алматыға ресми сапармен келгелі отыр. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігінен таратқан хабарламада айтылған.

  • 15 Тамыз 2003
  • 454
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында сенатор ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен, энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьникпен кездеседі. Бұл кездесулерде бірқатар екі және көп жақты ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде қару-жарақ таратпау және оны бақылау мәселесі талқыланады деп межеленген.

АҚШ пен бұрынғы Кеңестік Республикалар арасындағы Өзара қауіп-қатерді азайту жөніндегі бірлескен бағдарлама бойынша ынтымақтастықтың іргетасын қалаған заңның жобасы 1992-жылы сенаторлар Р.Лугар мен С.Нанның бастамасымен жасалған болатын. Қазір бұл бағдарлама Нанн-Лугар бағдарламасы деген атаумен белгілі. Нанн-Лугар бағдарламасы мен қару таратпау жөніндегі АҚШ-тың басқа да бағдарламалары аясында 1992-жылдан бері Қазақстан 185 млн. доллар алды.
АҚШ өкілдері Қазақстанмен қатар Ресей, Түркия, Германия және Өзбекстанда болады.