83,3%-і жоғары білім игергендер.
Жоғары білімі бар кандидаттардың ең басым бөлігін немесе 26,7%-ін инженерлер, 21,0%-ін педагогтар иемденеді. Кандидаттардың 12,2%-і арнаулы орта білім игерген, ал 4,4%-і орта білімді.
Кандидаттарды ұлттық құрамына қарай ажыратар болсақ, олардың 69%-і қазақтар, 18,96%-і орыстар, 3,13%-і украиндықтар, 0,37%-і ұйғырлар, 0,79%-і кәрістер, 1,23%-і немістер, 1,27%-і татарлар, 4,85%-і басқа ұлт өкілдері.
Кандидаттардың 34,9%-і 35-45 жас аралығында, 38,8%-і 45-55 жас аралығында, 6,1%-і 30 жасқа дейінгілер, 1,4%-і 65 жастан жоғарылар.
Кандидаттардың арасынан 2804 адам қандайда бір партия мүшесі болып табылады : атап айтсақ, олардың арасынан 2163 адам «Отан», 236 адам -Аграрлық, 223 адам -Азаматтық, 48 адам -«Ақжол» демократиялық, 41 адам Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық, 82 адам -Қазақстан коммунистік партиясының мүшелері. Алайда, Орталық сайлау комиссиясында атап көрсеткеніндей, округтік сайлау комиссияларынан келтірілген бұл партиялық мәліметті ақырғы мәлімет деп санауға болмайды, өйткені, ҚР Ата заңының талаптарына сәйкес азаматтар қандай партияны таңдауда, немесе партия мүшеслігі туралы жариялы болдыру немесе болдырмауда еркін құқыққа ие.
Сондай-ақ, 476 кандидат кәсіподақ ұйымдары, ұлттық мәдени орталықтар тәрізді қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болып табылады.
Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, тіркелгендердің 60,2%-і немесе 4548 адам дербес кандидат ретінде ат ұсынған.