Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар жергілікті тұрғынға оқ атты - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар жергілікті тұрғынға оқ атты

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар жергілікті тұрғынға оқ атты

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылында Қазақстандық шекарашылар жергілікті тұрғынды автоматты қарумен жарақаттады.

  • 15 Тамыз 2003
  • 443
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл оқиға Өзбекстан шекарасына таяу жерде болды. Қанат және Жомарт есімді ағайынды екі жігіт кедендік және шекаралық өткелектерді айналып өтіп, шекарадан бірнеше адамды асырып алмақ болған.
Олардың айтуынша, сол кезде жандарынан өтіп бара жатқан 2020 әскери бөлімінің (Сарыағаш шекаралық отряды) шекарашылары олардан 1000 теңге талап етіпті. Ағалы-інілі екеу ақша беруден бас тартады. Осы кезде шекарашылардың біреуі Қанатқа автомат кезенген. Ол қарудың аузын өзінен бұрмақ болып әрекеттену салдарынан екеуінің арасында қақтығыс туындап, шекарашы абайсызда шүріппені басып алған. Сөйтіп қаңғыған оқ Жомартқа тиеді.
Қазір ол Сарыағаш ауруханасында жатыр. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.