Барлығы 185 еркек (83,3%) және 37 әйел (16,7%) тіркеуден өтті. Үміткерлер арасында 8 ұлттың өкілдері бар. Кандидаттардың жастық көрсеткіші мынадай : 30 жасқа дейінгілер — 12 адам (15,4%), 35 жасқа дейінгілер — 20 адам (9%), 45 жасқа дейінгілер — 76 адам (34,2%), 55 жасқа дейінгілер — 79 адам (35,6%), 60 жасқа дейінгілер — 20 адам (9%), 65 жасқа дейінгілер — 10 адам (4,5%), 65 жастан жоғарылар — 5 адам (2,3%).
222 кандидаттың арасында Республикалық «Отан» саяси партиясының өкілдері арасынан 74 кандидат (33,3%), Қазақстанның Азаматтық партиясынан 6 кандидат (2,7%), Аграрлық партиядан 3 кандидат (1,4%), әділет мекемелерінде тіркелген басқа да қоғамдық ұйымдардан 10 кандидат бар. 129 адам (58,1%) дербес кандидаттар ретінде ат ұсынды.
Ғ. Кариннің айтуынша, үш кандидатты тіркеуден бас тартылды. Атап айтсақ, екі үміткер қасақана құқық бұзғаны үшін, ал үшіншісі сыбайлас жемқорлық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуына байланысты тіркеуден бас тартылды.
4 адам тіркеуге дейін, 4 адам тіркеуден кейін өз кандидатураларын кері қайтарып алды.
Облыста барлығы жеті мәслихатқа 102 депутат сайлануы тиіс. Осындағы 4 сайлау округінің әрқайсысында 6 кандидаттан, ал 30 округте бір кандидаттан тіркелді. Маңғыстау облысы бойынша облыстық мәслихатқа сайлау жөніндегі 25 сайлау округі, Ақтау қалалық мәслихатына сайлау жөніндегі 17 сайлау округі бар.