Астанада үкіметтің кезекті отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үкіметтің кезекті отырысы өтуде

Астанада үкіметтің кезекті отырысы өтуде

Бүгін, 19-тамызда Астанада үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен үкіметтің кезекті отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордасы Астанадан.

  • 19 Тамыз 2003
  • 394
Фото - Caravan.kz

Отырыстың күн тәртібіне 5 түрлі мәселе қойылған. Атап айтсақ, министрлер кабинетінің мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің «Маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы» үкімет қаулысын жүзеге асыру бағытында тындырған жұмыстарының қорытындысын талқылайды.

Сондай-ақ, ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған шаралар, 2002-2003-жылғы нашақорлықпен және есірткі саудасымен күрес бағдарламасының жүзеге асырылуы, және 2004-2005-жылға арналған осындай бағдарлама жобасы сарапқа салынбақшы. Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңды жүзеге асыру барысы мен парламентке ұсынылатын заң жобалары туралы талқыланады.