Елбасының азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы орындалған жоқ - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы орындалған жоқ - ҚР үкімет басшысы

Елбасының азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы орындалған жоқ - ҚР үкімет басшысы

Елбасының азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы орындалған жоқ,- деп мәлімдеді бүгін 19-тамызда Астанада өткен үкімет отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов.

  • 19 Тамыз 2003
  • 501
Фото - Caravan.kz

Д.Ахметовтың пайымдауынша, мұндай жағдайға бірінші кезекте облыс әкімдері кінәлі. Азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауы — аймақтық факторға байланысты деді ол. «Қазіргі таңда облыстарда орын алған жағдай әкімдердің салғырттығын тағы бір дәлелдейді»,- деді үкімет басшысы. Оның айтуынша азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына әсер ететін бір ғана түрткі бар, ол сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс бар, ал ұсыныс неге жоқ ?,- деп үкімет басшысы сауалды төтесінен қойды. Д.Ахметовтың пікірінше бірінші кезекте бұл мәселемен оңтүстік аймақтардың басшылары айналысуы тиіс. Жеміс-жидек және көкөніс өнімдеріне сұранысты арттыру үшін жағдай жасау керек деді ол. «Егер ұсыныс тиісті деңгейге жетпесе, қандай іс тындырғанмен де жемістің бағасын арзандату мүмкін емес»,- дегенді үкімет басшысы тағы бір ескертіп өтті.

Сондай-ақ, үкімет басшысы сауда-саттық инфрақұрылымын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.