Оңтүстік Қазақстан облыстық ирригаторлар суы тартыла бастаған көлге арна тарту жұмысын аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық ирригаторлар суы тартыла бастаған көлге арна тарту жұмысын аяқтады

Оңтүстік Қазақстан облыстық ирригаторлар суы тартыла бастаған көлге арна тарту жұмысын аяқтады

Осы аптада Оңтүстік Қазақстан облысында Созақ ауданындағы суы құри бастаған Қызық-Көлге Баба-ата өзенінен су тартуға бағытталған канал тарту жұмысы аяқталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Тамыз 2003
  • 572
Фото - Caravan.kz

Темір жол көпірінің астымен өтетін каналдың соңғы 50 метрлік бөлігін құрылысшылар екі күнде бітіреміз деп отыр. Бұдан соң қалған 15 арық толыққанды бітеліп, Баба-атаның суы көлге құйыла бастайды.

Бұған дейін емдік батпағымен және бірегей суымен атағы шыққан Қызық-Көл суы соңғы 10 жылда екі есе азайған. Мамандар бұл деңгейді біржола құрдымға кетудің алды деп бағалауда. Сөйтіп жаңадан салынған арна арқылы көлге 10 млн. текше метр су құйылатын болады. Алайда жалғыз арнаға сенім артуға болмайды деп пайымдайтын эколог мамандар көлге жетпей кенезесі кебетін шағын өзеншіктердің суын қалпына келтірудің амалдарын қарастыруда.
Таңғажайып көлді құтқаруға облыстық табиғат қорғау қорынан 27 млн. теңге бөлінді.