Еліміздегі таза зейнетақы активтері шілде айында 1,09 процентке артып 2158,4 млн. долларды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі таза зейнетақы активтері шілде айында 1,09 процентке артып 2158,4 млн. долларды құрады

Еліміздегі таза зейнетақы активтері шілде айында 1,09 процентке артып 2158,4 млн. долларды құрады

Еліміздегі таза зейнетақы активтері шілде айында 1,09% процентке артып, 1-тамызда 2158,4 млн. долларды құрады (316 656,9 млн. теңге). Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің қаржылық бақылау департаментінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып Қазақстан қор биржасы хабарлайды.

  • 19 Тамыз 2003
  • 613
Фото - Caravan.kz

2003-жылдың шілде айында елімізде зейнетақы активтерін басқару жөніндегі 8 компания мен 16 зейнетақы жинақтаушы қор жұмыс істеді.

Басқарудағы активтерінің көлемімен еліміздің зейнетақы рыногінде Мемлекеттік Зейнетақы Жинақтаушы Қоры — 25,8%-тік үлеспен бұрынғыдай жетекшілік роль атқарса, Қазақстан Халық банкінің зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниясы 23,7%-пен екінші орында, Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі «Жетісу» компаниясы 19,8% үлеспен үшінші орында келеді.
1-тамыздағы жағдаймен зейнетақы активтері мынадай қаржылық құралдарға инвестиция ретінде салынды : ҚР қаржы министрлігінің ұзақ мерзімді ішкі мемлекеттік бағалы қағаздарына 12,31%, Қазақстанның дербес қарыздық еурооблигациясына 16,33%, Қаржы министрлігі мен ҚР Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ішкі мемлекеттік құнды қағаздарына 26,36%, еліміздің жергілікті атқарушы органдарының облигациясына 0,37%, шетелдік эмитенттер акциясына 0,82%, шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес облигацияларына 2,09%, шетелдік мемлекеттердің бағалы қағаздарына 2,73%, халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздарына 6,17%, қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздарына 4,12%, қазақстандық компаниялардың облигацияларына 22,62%, депозиттер мен депозиттік сертификаттарға 6,07%-і инвестиция ретінде салынды.