ҚР индустрия және сауда министрлігі Германиялық және Қазақстандық кәсіпкерлер арасында бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР индустрия және сауда министрлігі Германиялық және Қазақстандық кәсіпкерлер арасында бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр

ҚР индустрия және сауда министрлігі Германиялық және Қазақстандық кәсіпкерлер арасында бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр

ҚР индустрия және сауда министрлігі 2003-жылдың қыркүйек және қазан айларында Германиялық және Қазақстандық кәсіпкерлер арасында бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР индустрия және сауда министрлігінен хабарлады.

  • 21 Тамыз 2003
  • 613
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, 29-30- қыркүйекте Алматыда, 1-3-қазанда Астанада «Германия экономикасының Қазақстандағы күндігі» өтіп, оған ГФР-ның ресми өкілдері де қатысады деп күтілуде. Аталмыш шара аясында Баден-Вюртенберг және Саксония федералдық аймақтарынан келген кәсіпкерлердің қатысуымен байланыс орнату мақсатындағы кооперациялық биржалар ұйымдастырылмақшы.

Сондай-ақ, қыркүйектің 2-7 жұлдызында Алматыда өтетін құрылыс көрмесіне Бавария Федералдық өлкесінің кәсіпорындары қатысады деп келісілген. 10-17-қыркүйекте Германиялық кәсіпкерлер Астана мен Ақтөбеде, ал 28 қыркүйек пен 2-қазан аралығында Саксониялық және Баден-Вюртенберг өлкелік кәсіпкерлері Алматыда болып, кооперациялық биржа өткізеді деп межеленді. Сонымен бірге, Алматыда Германияның Федеративтік машина өндірушілер бірлестігі симпозиум ұйымдастырады деп күтілуде.
10-қазанда Кельн қаласы мен Солтүстік Рейн-Вестфалия Федералдық өлкесінде Қазақстан күндігі өтеді. Шара аясында Қазақстандық кәсіпкерлер ANUGA көрмесіне қатысады. 14-қазанда Лейпциг қаласында «Қазақстан мен Өзбекстан — біздің экономикалық әріптестеріміз» атты көрме өтеді. 21-қазанда Хайденхайм (Баден-Вюртенберг) қаласында «Қазақстанның ақпараттық күндігі » ұйымдастырылады.
ҚР индустрия және сауда министрлігінен хабарлауынша, бұл шаралардың барлығы да Германиялық және Қазақстандық кәсіпорындар арасында етене жақын экономикалық байланыстар орнату, сауда-саттық саласындағы алыс-беріс, барыс-келісті ұлғайту, жоғары технологиялық өндірістер негізін қалау үшін Қазақстан рыногіне неміс кәсіпорындарын тарту мақсатын көздейді.