2003-жылдың қазан айында мәжіліске Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасы енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қазан айында мәжіліске Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасы енгізіледі

2003-жылдың қазан айында мәжіліске Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасы енгізіледі

2003-жылдың қазан айында мәжіліске Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасы енгізіледі. Бұл туралы бүгін, 21-тамызда Алматыда өтіп жатқан "Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі мұнай операцияларын мемлекет тарапынан заң жүзінде реттеу және регламентациялау" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Қазақ Академиялық Университетінің проректоры Еркеш Нұрпейісов KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 21 Тамыз 2003
  • 434
Фото - Caravan.kz

«Басқа институттар секілді біздің университетке де Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасының бірнеше бабының жобасын жасау жөнінде тапсырма берілген. Біздің болжауымызша, заң бойынша әрбір кенішке және әрбір жеке инвесторға қатысты нақты талаптар аясы анықталуға тиіс»,- деді Е.Нұрпейісов.

«Ең бастысы, заңда Қазақстанның ұлттық мүддесі көрініс табуы тиіс. Онда Қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін салық салу тәртібі нақты дәйектелуі қажет»,- деді проректор.