Солтүстік Қазақстан облыстық дихандар орақ науқаны барысында арзандатылған жанармаймен қамтамасыз етіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық дихандар орақ науқаны барысында арзандатылған жанармаймен қамтамасыз етіледі

Солтүстік Қазақстан облыстық дихандар орақ науқаны барысында арзандатылған жанармаймен қамтамасыз етіледі

22-тамыз күнгі мәлімет бойынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы егін орағы 13 ауданның 10-ында басталды. Қалған үш аудан жанар-жағармаймен қамтамасыз етілу ахуалына байланысты тұйыққа тіреліп отыр. Бұл аймақтардағы жанар-жағармай құны тамыздың басында тоннасына 160 доллардан 230-ға дейін өскен. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ауылшаруашылығы департаменті төрағасының орынбасары Нияз Ыбыраев хабарлады.

  • 22 Тамыз 2003
  • 475
Фото - Caravan.kz

Облыстың жалпы жанар-жағармай сұранысы 54 мың тоннаны құрайды. Ал қазіргі қолда бары 40 мың тонна. Алайда, Н.Ыбыраевтың айтуынша, бұл мәселе қазір шешілу үстінде. Үкімет қаулысына сәйкес, дихандар Павлодар мұнай өңдеу зауытынан әкелінетін арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз етілмекші. Бір тоннасы 185 доллардан барлығы 20 мың тоннадан астам жанар-жағармай жеткізіледі деп күтілуде. Жанар-жағармайды тарату жұмысымен жергілікті 4 оператор — фирма айналысады. Жанар-жағармайдың алғашқы 500 тоннасы Павлодар мұнай өңдеу зауытынан Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтіліп үлгерді. Н.Ыбыраев Солтүстік Қазақстандық дихандар ендігі жерде науқан барысында жанар-жағармайдан тапшылық көрмейді дегенге сенім білдірді.