ҚР Қарулы Күштерінің құрылымын өзгертуге бағытталған шаралар жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік жасады - ҚР Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қарулы Күштерінің құрылымын өзгертуге бағытталған шаралар жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік жасады - ҚР Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы

ҚР Қарулы Күштерінің құрылымын өзгертуге бағытталған шаралар жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік жасады - ҚР Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы

ҚР Қарулы Күштерінің, штаб бастықтары комитеті мен ҚР Қорғаныс министрлігінің штаттық ұйымдастыру құрылымын өзгерту шаралары жауынгерлік дайындық деңгейін анағұрлым арттыруға, күзет күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлік деңгейін жақсартуға, ауқымды командалық-штабтық кешенді оқу-жаттығулар өткізуге мүмкіндік жасады. Бұл туралы бүгін, 22-тамызда Астанада өткен ҚР Қорғаныс министрлігінің коллегиясында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әрі ҚР Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы Болат Дарбеков өзінің "2005-жылға дейінгі ҚР әскери құрылымы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы " жасаған баяндамасында атап көрсетті,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 22 Тамыз 2003
  • 1379
Фото - Caravan.kz

ҚР президентінің жарлығына сәйкес штаб бастықтарының комитеті атты жаңа әскери басқару органы құрылды; Әуеден Қорғаныс күштері , Әскери теңіз күштері, Жаяу әскер тәрізді үш түрлі әскери күштердің бас штабы құрылу арқылы ҚР Қарулы күштерінің үш бағытты құрылымы қалыптастырылуда. Басқару деңгейін арттыру мақсатымен әскери округтер аймақтық командованиелерге айналдырылды.

Дербес әскери құрылым ретінде Аэромобильді күштер жасақталып , бас әскери қолбасшының резерві құрылды. Сондай-ақ, ҚР үкіметінің 2003-жылғы 6-тамыздағы қаулысымен республикалық әскери комиссариаттар қорғаныс департаменті, басқармасы және бөлімдері түрінде қайтадан құрылуда.
ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев бүгінгі коллегия жұмысын қорыта келіп, жергілікті жерлердегі ахуалға қатаң сын айтты. Ол ҚР Қарулы күштерінің құрылымын жетілдіруге, оны оңтайландыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыруды, жасақтарды басқаруда жеделдік пен икемділікті қамтамасыз етуді талап етті.