Ресей-Украина бірлескен газ тасымалы консорциумына Қазақстанды қатыстыру мүмкіндігін Ресей үкіметі талқыға салмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей-Украина бірлескен газ тасымалы консорциумына Қазақстанды қатыстыру мүмкіндігін  Ресей үкіметі талқыға салмайды

Ресей-Украина бірлескен газ тасымалы консорциумына Қазақстанды қатыстыру мүмкіндігін Ресей үкіметі талқыға салмайды

Ресей-Украина бірлескен газ тасымалы консорциумына Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстанды қатыстыру мүмкіндігін Ресей үкіметі әзірше талқыға салмайды. Бұл туралы Украина премьер-министрі Виктор Януковичпен кездесу қорытындысын жария ету барысында РФ үкімет басшысы Михаил Касьянов мәлімдеді,- деп хабарлайды РФ үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

  • 25 Тамыз 2003
  • 364
Фото - Caravan.kz

Газ тасымалы консорциумына қатысушылар қатарын ұлғайту жөніндегі Украина энергетика министрі Сергей Ермиловтың мәлімдемесіне түсініктеме берген М.Касьянов бұл туралы алдын-ала ақпаратқа айтарлықтай мән бермегенін жеткізді.

Екі мемлекет басшысының келісіміне сәйкес газ тасымалы консорциумына әзірге екі қатысушы ғана бірігеді деп күтілуде деді М.Касьянов. Екінші кезеңде тараптар консорциумға Германияны шақыру мүмкіндігін қарастырғалы отыр.
М.Касьянов осы орайда консорциумға қатысушылар қатарын ұлғайту мүмкіндігі жөнінде сарапшылардан қорытынды алмағанын жеткізді.