Бұл туралы Tengrinews.kz-ке ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа портады.
2020 жылдың аяғында жедел уәкілдер назарына бұрын сотты болмаған А.Д. іліккен. Оның ықтимал қылмыстық әрекеті туралы ақпарат мұқият тексеруді талап еткен және ол зерттеуге алынған.
ҰҚК мәліметінше, жедел уәкілдер А.Д. сыбайластары арқылы травматикалық және газ тапаншаларын сатып алғанын, кейін оларды арнайы жабдықталған шеберханада атыс қаруына айналдырғанын анықтады. Ол оқ жаудыратын тапанша жасап шығарған. Бірақ бұл ақпарат қылмыскерді ұстауға жеткіліксіз болған.
"Мұндай жағдайда нақты дәлелдер қажет. Оның үстіне А.Д. қару-жарақпен айналысатыны туралы ақпарат болған. Сонда бізден белсендірек шаралар қажет болды", — ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің жедел уәкілі.
2021 жыл қарсаңында кезеңдердің бірі сәтті аяқталды – нысаннан 200 мың теңгеге Retay Baron тапаншасы сатып алынды.
Күдіктіні қамауға алып, істі сотқа жолдауға мүмкіндік туды. Алайда жедел уәкілдер қару сатып алуға дайындалып жатқан кезде А.Д-ның қылмыстық әрекеттері туралы жаңа мәлімет пайда болған.
"Сондай-ақ, ол қолдан жарылғыш құрылғыларды жинаумен де айнылысқан", — деп бөлісті ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.