Цилиндр пішіндес металл зат тауып алған ауыл тұрғындары оны жарылғыш зат екен деп пайымдап, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандарын шақырған. Олар келгенге дейін ауыл тұрғындарының бірі баллонды дәнекерлеу аппаратының көмегімен кесуге әрекет жасапты. «Егер әлгі адамның әрекеті жүзеге асса, ол сынаптың булануы салдарынан өлімге душар болар еді»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға орнына келген төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандары баллонды қауіпсіз жерге жеткізді.