Алдағы сапар мен онда қол қойылатын екі жақты құжаттар Қазақстан мен Корея арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді,- делінген хабарламада.
22- тамызда өткен кездесу барысында сондай-ақ, екі жақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселесі талқыланып, Қасымжомарт Тоқаев пен Тэ Сок Вон екі жақтың да мүддесіне қатысты халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Корея өкілі солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына және екі Корея арасындағы шиеленісті реттеу мәселесі бойынша Қазақстан ұстанып отырған конструктивті позицияны жоғары бағалады.