Ислам даму банкі басқармаларының Алматыда өтетін жыл сайынғы жиналысына дүниежүзінің 54 елінен 500-ден астам өкіл жиналмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам даму банкі басқармаларының Алматыда өтетін жыл сайынғы жиналысына дүниежүзінің 54 елінен 500-ден астам өкіл жиналмақшы

Ислам даму банкі басқармаларының Алматыда өтетін жыл сайынғы жиналысына дүниежүзінің 54 елінен 500-ден астам өкіл жиналмақшы

2003-жылдың 30-тамызы мен 3-қыркүйек аралығында Алматыда өтетін Ислам даму банкі басқармаларының жыл сайынғы 28-жиналысына дүниежүзінің 54 елінен 500-ден астам өкіл жиналмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазинвест" компаниясынан хабарлады.

  • 26 Тамыз 2003
  • 632
Фото - Caravan.kz

Ислам даму банкі басқармаларының жыл сайынғы 28-жиналысының ашылу салтанаты 2-қыркүйекте Алматы қалалық әкімшілігінің залында өтеді. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөз сөйлейді деп күтілуде. Сол күні «The Regent Almaty» қонақ үйінде Ислам даму банкі басқармалары кеңесінің жұмыс бабындағы сессиясы басталады.

Ислам даму банкі басқармаларының жыл сайынғы 28-жиналысы 3-қыркүйекте аяқталады.
Жиналыс аясында «Шаңырақ-2003» атты 3-халықаралық сауда-өнеркәсіптік көрме өтеді.
Жиналысқа Араб мемлекеттері Даму Қорларының өкілдері (Сауд Арабиясы, Кувейт, Аду-Даби т.б.) , ОПЕК қорының, ислам банктерінің, Ислам елдері кеңесшілері мен мердігерлері федерациясының, ислам елдерінің маңдай алды кәсіпкерлік өкілдері қатысады.
Қазақстан жағынан жиналысқа парламент өкілдері, министрлік және ведомство басшылары, еліміздегі жетекші банктер өкілдері, ҚазақМұнайгаз, Қазпошта, Қазақстан Темір жолы, Эйр Қазақстан, Қазақтелеком тәрізді Ұлттық компаниялар өкілдері мен Ислам даму банкіне мүше-мемлекеттердің елшілері қатысады.
Жыл сайынғы жиналыс бағдарламасында көптеген шаралар қарастырылған. Атап айтсақ, кездесу барысында «Ислам Даму банкінің қаржыландыру әдістері», «Ауылшаруашылығындағы биосолендік технологиялар орталығының іс-қызметі» тақырыбында семинарлар ,»Оралық Азиядағы әйелдер ролі», «Ислам даму банкіне мүше-мемлекеттердің ішкі инвестиция саласындағы өзара ынтымақтастығы» тақырыбындағы симпозиумдар мен Ислам елдерінің кеңесшілері Федерациясының бас қосуы тәрізді шаралар межеленген. Жиналысқа қатысушыларға арналып кең көлемді мәдени бағдарлама әзірленді.
Ислам Даму банкінің орталық пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. Банктің жарғылық қоры 6 миллиард ислам динарына тең. Ислам динары Халықаралық валюта қорының арнаулы несиелендіру құқығының бірлік өлшеміне парапар банктің есептік бірлігі болып табылады.
Бүгінге дейін Ислам даму банкі дүниежүзінің әртүрлі елінде 12,15 млн. ислам динарына тең 2202 операция жүргізді. Олардың барлығы да сауда-саттық немесе арнаулы көмек көрсету операциялары .
Ислам даму банкі көбінесе ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету, канал тарту тәрізді агротехникалық және инфрақұрылымды дамыту мақсатындағы жобаларды қаржыландыруды әдетке айналдырған. Несиелер алғашқы 3-5 жылында жеңілдетілген тәртіппен 15-20 жылға беріледі.