Мемлекеттік мұрағат директорын өлтіруге қатысты тергеу жұмыстары аяқталуға жақын - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік мұрағат директорын өлтіруге қатысты тергеу жұмыстары аяқталуға жақын

Мемлекеттік мұрағат директорын өлтіруге қатысты тергеу жұмыстары аяқталуға жақын

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мұрағатының директоры Марат Хасанаевтың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның қылмыстық полиция қызметінен бүгін, 26-тамызда хабарлады.

  • 26 Тамыз 2003
  • 409
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мұрағат директорын әлдебіреулер 2002-жылдың 17-қаңтарында өз пәтерінде өлтіріп кеткен болатын. Оқиға орнынан 900 доллар қолды болды.

Алматы қалалық ІІББ-ның оперативті қызметкерлері аталмыш қылмысқа күдіктілердің бірін тұтқындаған. Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті жапа шеккен отбасының жақын танысы болып шықты. Тағы бір күдікті Мәскеуде жасырынып жүр. Қазір еліміздің құқық қорғау органдары Ресейлік әрістестерімен оны Қазақстанға экстрадициялау жөнінде келіссөздер жүргізуде.