Әділет министрлігінің кәсіби біліктілікті тексеру коллегиясы судьялардың қызметке лайықтылығын анықтауда - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігінің кәсіби біліктілікті тексеру коллегиясы судьялардың қызметке лайықтылығын анықтауда

Әділет министрлігінің кәсіби біліктілікті тексеру коллегиясы судьялардың қызметке лайықтылығын анықтауда

Бүгін, 26-тамызда Астанада ҚР әділет министрлігінің біліктілік коллегиясы судьялардың қызметке лайықтылығын анықтады. Отырыста ҚР Жоғарғы сотының төрағасы ұсынған бірқатар аудандық және соған теңестірілген соттардың 11 судьясын қызметінен босату мәселесі қаралды,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Тамыз 2003
  • 710
Фото - Caravan.kz

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы ұсынған екі судьяға қатысты дауыс беру нәтижесінде Бейбіт Әлішев пен Гүлнар Әлмерденова кері себептерге байланысты судьялық қызметтен босатылды. Коллегия отырысы одан әрі жалғасуда.

Сондай-ақ, бүгін судьялық қызметке өтініш білдірген үміткерлер біліктілік сынақтарын тапсырды. Тексеру барысында еліміздің 16 аймағынан 117 үміткер екі сатылы сынақтан өтеді. Бірінші сатыда үміткер компьютерлік тест арқылы заңдарды білу деңгейін тексеру сынағынан өтсе, екінші сатыға сүрінбей өткендер емтихан билеттері бойынша білім сайысына жіберіледі.
Әділет біліктілік алқасының төрағасы Мұхамеджан Пақырдиновтың айтуынша, қазіргі жағдаймен елімізде 400-ге жуық судьялық қызмет орны бос тұр. Осы орайда ол биылғы жылы қосымша 300 судьялық ставка тағайындалғанын хабарлай отырып, бұл мемлекет тарапынан судьялар құрамына бөлген айрықша назардың айғағы екенін атап көрсетті.
Әділет біліктілік коллегиясы мәжіліс депутаттары, сот төрешілері, заңгер-ғалымдар мен құқық саласы оқытушыларынан, сондай-ақ, әділет мекемелерінің қызметкерлерінен құралған тәуелсіз автономиялық мекеме болып табылады.