БҰҰ Даму бағдарламасы администраторының орынбасары елімізге ресми сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Даму бағдарламасы администраторының орынбасары елімізге ресми сапармен келеді

БҰҰ Даму бағдарламасы администраторының орынбасары елімізге ресми сапармен келеді

БҰҰ Даму бағдарламасы администраторының орынбасары Зефирин Диабрэ Қазақстанға ресми сапармен келгелі отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдігінен хабарлады.

  • 27 Тамыз 2003
  • 491
Фото - Caravan.kz

З.Диабрэ теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттер министрлерінің, дамушы транзиттік және донор елдердің, сондай-ақ, транзитті тасымал саласын дамыту және қаржыландырумен айналысатын ұйымдар өкілдерінің қатысуымен 28-29-тамызда Алматыда өтетін транзиттік тасымал саласындағы ынтымақтастық мәселесіне арналған халықаралық конференцияға БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі ретінде қатысады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге З.Диабрэ 28-тамызда халықаралық конференцияның ашылу салтанатына қатысып, сол күні сауда-саттықты дамыту және тіршілік деңгейін арттыру мәселесі бойынша мәлімдеме жасайды.
Сапар барысында З.Диабрэ БҰҰ Даму бағдарламасының осы елдегі іс-қызметі және даму барысында Қазақстанға тап келген негізгі қиындықтар туралы пікір алмасу мақсатымен ҚР үкіметінің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізеді.
БҰҰ Даму бағдарламасының администраторы орынбасарының елімізге ресми сапары аталмыш бағдарламаның Қазақстанмен екі арадағы әріптестікті нығайту бағытындағы жұмыстарының бір құрамды бөлігі болумен бірге БҰҰ Даму бағдарламасының 2002-2004-жылғы жалпы елімізге арналған бағдарламасына өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама Қазақстанның басты даму мақсаттарына қол жеткізуге өзіндік септігін тигізуге бағытталады делінген ұйымның хабарламасында.
БҰҰ Даму бағдарламасы елімізге Қазақстан-2030 және 2010 стратегияларында айқындалған басты ұлттық басымдықтар мен Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізуге қолдау көрсетуде.