2004-жылы Батыс Қазақстан облысында бюджет түсімдері едәуір қысқарады деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Батыс Қазақстан облысында бюджет түсімдері едәуір қысқарады деп күтілуде

2004-жылы Батыс Қазақстан облысында бюджет түсімдері едәуір қысқарады деп күтілуде

Қарашығанақ жобасын жүзеге асырудың екінші кезеңі аяқталуға байланысты 2004-жылы Батыс Қазақстан облысында бюджет түсімдері едәуір қысқарады деп күтілуде. Бұл туралы әкімшілікте өткен кеңесте Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

  • 29 Тамыз 2003
  • 386
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты облыс әкімі бюджет қаржысын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті. Әкімнің мәліметіне жүгінсек, тек биылғы жылы қаржылық бақылау мекемелері жүргізген тексерулер нәтижесінде 25 млн. теңгеден астам қаржының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған.

ҚР қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысы басшылығының өтінішімен облыстық бюджеттің орындалуына жыл сайын кешенді тексерулер жүргізеді. Осындай кезекті тексеру осы аптада басталды. Қырымбек Көшербаевтың атап көрсетуінше, қаржылық тәртіп бұзу деректері әшкереленген жағдайда кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолданылады.