"Лукойл" мұнай компаниясы өз өнімінің 15 процентін шетелдерде өндірмек ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Лукойл" мұнай компаниясы өз өнімінің 15 процентін шетелдерде өндірмек ниетте

"Лукойл" мұнай компаниясы өз өнімінің 15 процентін шетелдерде өндірмек ниетте

"Лукойл" мұнай компаниясы 2003-жылы халықаралық жобалар аясында 4 млн. тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл 2002-жылғы деңгейден 56,2 процент артық. Былтыр компания 2,56 млн. тонна мұнай өндірген болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Лукойл" мұнай компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Тамыз 2003
  • 636
Фото - Caravan.kz

Шетелдік жобалар бойынша мұнай өндіру көлемінің жылдық өсу қарқыны 2013-жылға дейін 25 процент деңгейінде межеленіп отыр.

«Лукойл» мұнай компаниясы өндірген жалпы мұнай көлемінің бүгінде 3-4 проценті халықаралық жобалардың үлесіне тиіп отыр. Болашақта компания бұл мөлшерді 15 процентке дейін арттыруды көздейді.
Шетелдерде мұнай өндіру жобаларының арасынан компания Орталық Азия және Каспий аймағына басымдық береді. «Лукойл» мұнай компаниясы әсіресе Қазақстан және Әзербайжанда белсенді жұмыс істеуде. Сондай-ақ, Өзбекстанда да жаңа мүмкіндіктер іздестіріп жатқан Лукойл өзіне тиімді жағдайда Түрікмендік жобаларды да қарауға дайын.
«Лукойл» мұнай компаниясы шетелдік мұнай жобаларына мұнай эквивалентінің әрбір барреліне 1,5 доллар көлеміндегі операциялық орташа шығын шығарса, компанияның жалпы осындай орташа шығыны әрбір баррельге 2,56 долларды құрайды.