Ресейдің "Лукойл" мұнай компаниясының өкілдері Батыс Қазақстан облысындағы инвестициялық ахуалмен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің "Лукойл" мұнай компаниясының өкілдері Батыс Қазақстан облысындағы инвестициялық ахуалмен танысты

Ресейдің "Лукойл" мұнай компаниясының өкілдері Батыс Қазақстан облысындағы инвестициялық ахуалмен танысты

Ресейдің "Лукойл" мұнай компаниясының өкілдері Батыс Қазақстан облысындағы инвестициялық ахуалмен танысты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2003
  • 543
Фото - Caravan.kz

Осы мақсатпен «Лукойл» мұнай компаниясының барлық салалық құрылымдарының өкілдері мен дүниежүзілік ақпараттық агенттіктерінің өкілдері Оралға келді.

«ЛУКОЙЛ ОВЕРСИЗ» компаниясының директоры Борис Зильберменц дүниежүзілік мұнай компаниялары үшін аймақтың инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалай отырып, өзі басқаратын компанияның осы тұрғыдағы қызығушылығын жария етті.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыс Ресейдің бес бірдей облысымен шектесетінін алға тарта отырып Ресейлік компаниялармен ынтымақтастықтың маңызын жоғары бағалады. Қазіргі жағдаймен Батыс Қазақстан облысының жалпы сыртқы экономикалық айналымының 65 проценті Ресейдің үлесіне тиіп отыр.
«ЛУКОЙЛ» өкілдері Қарашығанақ газ конденсаты кенішінде болып, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. (КПО) компаниясының басшылығымен жүздесті.
Бұл шараларды «ЛУКОЙЛ» компаниясы ұйымдастырды.