Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанай облысына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы жұмыс  сапарымен Қостанай облысына барады

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанай облысына барады

3-қыркүйек, сәрсенбіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Қыркүйек 2003
  • 458
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар бағдарламасында өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы кәсіпорындарын аралау, әлеуметтік-мәдени нысандарда болып, облыстағы дін басылармен жүздесу межеленген.

Рудный қаласында Н.Назарбаев тау-кен саласы кәсіпорындарының жұмысымен танысып, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты мен Қашар кен басқармасында жұмыс істейтін оралмандармен кездеседі.
Сапар барысында әсіресе Қостанай дизель зауытына жасалатын сапарға ерекше маңыз беріліп отыр. Мұндағы қозғалтқыш өндіру жұмысын «Агромашхолдинг» ААҚ қалпына келтіріп жатқаны белгілі. Зауытта Елбасы Ресейдің Красноярск аймағының губернаторы Александр Хлопонинмен кездеседі деп күтілуде. Губернатор 3-қыркүйекте Қостанайға келеді.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы облыстағы егістік алқаптардағы астық жинау науқанының барысымен танысады.
Сапар бағдарламасында сонымен қатар аймақтағы ең ірі білім ошақтарының бірі болып табылатын Сырбай Мәуленов атындағы қазақ тілінде білім беретін мектеп пен қазір құрылысы салынып жатқан православиелік шіркеуді аралау көзделген.