Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қосу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", — делінген хабарламада.
Қағида 2022 жылдың 30 маусымында ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осылайша, отандық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары 1 шілдеден бастап бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады.
Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 миллиард теңге бөлінді.
2021 жылы жұмыртқа құс шаруашылығын қолдауға 4,3 миллиард теңге бағытталды.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құс саны 3,7% – 47,1 миллион басқа дейін өсті.
Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 миллион дананы құрады.
Ішкі нарық тағамдық жұмыртқамен 100% қамтамасыз етіледі.