Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің Алматыдағы отырысы барысында оған қатысушы екі адам беймезгіл қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің Алматыдағы отырысы барысында оған қатысушы екі адам беймезгіл қайтыс болды

Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің Алматыдағы отырысы барысында оған қатысушы екі адам беймезгіл қайтыс болды

Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің Алматыдағы отырысы барысында оған қатысушы екі адам беймезгіл қайтыс болды. Мұндай ақпаратты отырыс аясындағы кезекті симпозиумның ашылу алдында Ислам Даму банкінің президенті Ахмед Мұхаммед Али жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2003
  • 392
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, отырысқа қатысушы араб тілінің редакторы мен аудармашы қайтыс болған. Бейресми ақпаратқа қарағанда, адамдардың кенеттен қайтыс болуына денсаулық жағдайының шұғыл төмендеуі әсер еткен. Адамдардың бірі жүрек ақауынан қайтыс болды деген дерек бар.

Отырысқа қатысушылардың беймезгіл өліміне байланысты Ислам Даму банкінің президенті марқұмдардың рухына арнап құран оқып, оларды еске алуды өтінді.
Ислам даму банкі басқармаларының жыл сайынғы 28-жиналысына дүниежүзінің 54 елінен 500-ден астам өкіл жиналып отыр.
Отырысқа Араб мемлекеттері Даму Қорларының өкілдері (Сауд Арабиясы, Кувейт, Аду-Даби т.б.) , ОПЕК қорының, ислам банктерінің, Ислам елдері кеңесшілері мен мердігерлері федерациясының, ислам елдерінің маңдай алды кәсіпкерлік өкілдері қатысуда.
Қазақстан жағынан жиналысқа парламент өкілдері, министрлік және ведомство басшылары, еліміздегі жетекші банктер өкілдері, ұлттық компаниялар өкілдері мен Ислам даму банкіне мүше-мемлекеттердің елшілері қатысып отыр.