Елбасы парламенттің алдағы сессиясының қарауына берілетін заң жобалары арасындағы басымдықтарды белгіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы парламенттің алдағы сессиясының қарауына берілетін заң жобалары арасындағы басымдықтарды белгіледі

Елбасы парламенттің алдағы сессиясының қарауына берілетін заң жобалары арасындағы басымдықтарды белгіледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 2-қыркүйекте екінші шақырылған Қазақстан парламентінің бесінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп, парламенттің алдағы сессиясының қарауына берілетін заң жобалары арасындағы басымдықтарды белгіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 2 Қыркүйек 2003
  • 453
Фото - Caravan.kz

Басымдық берілетін заң жобалары арасында мемлекет басшысы Бюджеттік Кодекстің жобасын атады. Елбасының айтуынша, бұл Кодекс бюджеттік заңнамалардағы барлық ақтаңдақтарды толықтыра отырып бюджеттік қаржыландыру саласының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен бірге «Мемлекеттік тіркеу мәселесі бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы » заң жобасы басымдық берілген заңдар қатарында аталды. Елбасының айтуынша, бұл заң жобасында «заңды тұлғаларды тіркеуде жалғыз терезе принципін қолдану » үрдісі заңдастырылады. Сонымен қатар, жергілікті мемлекеттік басқару мәселесіне арналған заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы да айрықша маңызды заңдар санатына енгізілді. Н.Назарбаевтың айтуынша, бұл заң жобасы қазір парламенттің қарауына ұсынылып үлгерді.