Алайда, деп атап көрсетті ол, «үкімет жер пайдалану саласы бойынша мұнай операцияларына салынатын салық мәселесін қайтадан қарағаны дұрыс». Бірақ, Н.Назарбаевтың айтуынша, «жаңа нормалар құрлық пен теңіздегі жаңадан игеріле бастаған кеніштерге қатысты болмақ». Сонымен бірге, Елбасының пайымдауынша, ғылыми және инновациялық қызмет саласындағы салық саясатын да қайтадан қарау қажет.