Конференцияға Жапония, Бельгия, Чехия Республикасы, Украина, Тайвань, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстандық жетекші ғалымдар қатысады.
Бас қосуда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жүйені тұрақты дамыту, су ресурстары мен геоақпараттық жүйені қорғау және зерттеу мәселелері сарапқа салынады. Сонымен қатар техногендік жүйелердің адам мен қоршаған ортаға әсеріне талдау жасалмақшы.