Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 5,85-6,84 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 5,85-6,84 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 5,85-6,84 процентке арзандады

2-қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 5,85 процентке , NYMEX шикізат биржасында 6,84 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 3 Қыркүйек 2003
  • 359
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қазандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 27,52 долларға дейін арзандады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қазандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 6,84 процентке арзандап 29 доллар 41 центті құрады.