Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алғашқы ақпаратта суға фтор қосатыны ұзақ уақыт бойы адамдардан жасырылып келгені айтылады. Алайда желіде ауыз суға фторды қашан және неге қоса бастағаны түсіндірілген ақпарат жеткілікті. Фтордың тіс жегінің алдын алуға көмектесетіні ғылыми дәлелденгеннен кейін ХХ ғасырдың екінші жартысында жаппай қолданысқа енгізілді.
Құбырдағы суға тұрақты негізде фтор қосқан алғашқы қала – АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд Рэпидс. Бұл 1945 жылы 25 қаңтарда болды. Бұған дейін бір жыл бұрын ғалымдар ауқымды зерттеуді қолға алып, оның барысында Гранд Рэпидс пен көршілес Маскегон қаласындағы балаларда тіс жегінің даму жағдайларының саны салыстырылды. Әуелі суды фторлау науқаны басталғанға дейін, осы елді мекендерде тіс жегі ауруы бар балалардың саны шамамен бірдей болған. Алты жылдан кейін Гранд Рэпидсте тіс жегісі бар алты жасар балалардың саны Маскегонға қарағанда екі есеге жуық азайған. Нәтижесінде АҚШ пен өзге елдердің басқа қалаларында суға фтор қоса бастады.
Суға фтор қосудың пайдасы туралы қосымша зерттеулер мұндай қоспаның тіс жегінің пайда болу қауіпін едәуір төмендетуі мүмкін деген тұжырымдар расталды. Барлық зерттеулер мен суды фторлау науқандарының басталуы туралы хабарланып, еш уақытта құпия болған емес.
Желідегі екінші ақпаратта нацистік Германияда концентрациялық лагерьлерде тұтқындарды улау үшін суға улы зат – фтор қосқаны туралы айтылған. Дегенмен бұл тезис мүлдем дәлелсіз. Оны Politifactпорталының фактчекерлері жалған екенін анықтаған. Олардың мақаласына сәйкес Холокост мемориалды мұражайының ғылыми қызметкерлері бұл теорияны жоққа шығарып, тұтқындарға фторланған суды пайдалана отырып, ешқандай тәжірибе жүргізілген жоқ деп мәлімдеді.
Сонымен қатар нацистік Германия дәуіріндегі медицина саласын зерттеумен айналысатын мұражай қызметкері Патриша Хеберердің айтуынша, концентрациялық лагерьлер босатылғанға дейінгі кезеңде сумен жабдықтау жүйесі іс жүзінде жұмыс істемеген және тұтқындарды ұстау орындарында су мүлдем болмаған.
Ал желіде тараған видеоның сипаттамасындас умен жабдықтау жүйесіне қауіпті у – фторид қосқан сәт түсіп қалғаны туралы айтылады. Бірақ видеода оқиғаның нақты қайда болғаны және кадрдағы адамның суған не қосып жатқаны белгісіз. Сондай-ақ видеода көрсетілген ғимарат су тазарту қондырғысы емес деп сеніммен айтуға болады. Қалалар мен өзге елді мекендер үшін су тазартылатын станциялар мүлдем басқа.
Видеодағы адам белгілі бір ғимараттағы жылу жүйесін тазартып жатқан болуы мүмкін. Осы мақсаттар үшін жүйеге әртүрлі химикаттар құйылып, қосылады. Әрі Қазнет пайдаланушылары жазып отырған фторид у емес, басқа заттармен араласқанда қалыптасатын фтор тұздарының жалпы атауы. Әрбір қосылыстың өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері бар. Фторидтердің кейбірі тіс пасталарының, ауыз шаюға арналған және басқа да гигиеналық құралдардың құрамында болады.
Сонымен фторланған судың зияны туралы үш хабарлама – фейк. Оларда келтірілген дәлелдер толығымен негізсіз немесе өтірік, ал видеода нақты ақпарат болмағандықтан, ол ештеңе дәлелдемейді.