Желіде маймыл шешегі қолдан жасалған вирус деген ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде маймыл шешегі қолдан жасалған вирус деген ақпарат тарады

Желіде маймыл шешегі қолдан жасалған вирус деген ақпарат тарады

Соңғы уақытта қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы маймыл шешегі зертханада қолдан жасалған деген хабарлама таратуда.

  • 17 Шiлде 2022
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Яғни, Португалия ғалымдары жүргізген жаңа зерттеу осы ақпаратты дәлелдейді екен.

Айта кетейік, маймыл шешегі вирусы белгілі бір биозертхананың жобасы екендігі туралы таратылып жатқан мәтінде мұны растайтын зерттеуге сілтеме берілген. Алайда, жұмыстың өзін оқыған кезде, бұл вирустың қолдан жасалғаны туралы теорияны дәлелдемейтінін және мүлдем басқа тақырыпта екенін түсінеміз.

"Жұмыстың атауы: "Бірнеше елдегі маймыл шешек вирусының өршуі: генетикалық дивергенция және микроэволюцияның алғашқы белгілері ". Бұл 2022 жылғы 15 және 17 мамырда 9 пациенттің үлгісінен алынған вирус геномының тоғыз қосымша тізбегін жариялау туралы. Еңбекте маймыл шешек вирусының шығуына қатысты бір ғана сөйлем жазылған: "Бірнеше елде аурудың таралуының себебі бірдей болуы мүмкін". Вирус жасалған биозертханалар, оның әдейі немесе кездейсоқ таратылуы туралы мәтінде ештеңе айтылмаған", – делінген сайт мақаласында.

Сонымен қатар осы жылдың 25 мамырында әртүрлі елдердің, соның ішінде португалиялық ғалымдар маймыл шешек вирусының зертханада жасалғаны туралы теорияны жоққа шығарған болатын. Бұл туралы Newsweek сайты егжей-тегжейлі жазды. Сондай-ақ хабарламада маймыл шешек вирусының зертханада жасалғаны туралы теорияны NIH аббревиатурасымен көрсетілген Португалияның ұлттық денсаулық сақтау институты қолдады делінген.


"Шын мәнінде Португалияда мұндай институт жоқ, ал NIH аббревиатурасы – АҚШ-тың ұлттық денсаулық сақтау институтының белгісі. Оның қызметкерлері маймыл шешегі вирусы зертханада жасалды және әдейі таратылды деген теорияны қолдаған жоқ және тиісті зерттеулер жарияламаған. Бұған институт кітапханасының сайтында monkeypox (маймыл шешегі) деп іздеп, барлық жұмыстардың тізімін қарап, көз жеткізуге болады", – делінген ақпаратта.

Қорыта айтқанда әлеуметтік желіде маймыл шешегі қолдан жасалған вирус деп тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі мәтінде келтілірген дәлелдемелер нақты фактілерге қайшы келеді.