"Тақиялы періште", "Менің атым Қожа" фильмдерін алаңда өртейік": Бала психикасына кері әсер ететін фильмдердің тізімі жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тақиялы періште", "Менің атым Қожа" фильмдерін алаңда өртейік": Бала психикасына кері әсер ететін фильмдердің тізімі жарияланды

"Тақиялы періште", "Менің атым Қожа" фильмдерін алаңда өртейік": Бала психикасына кері әсер ететін фильмдердің тізімі жарияланды

Әлеуметтік желіде бала психикасына кері әсер ететін қазақ фильмдерінің тізімі жарияланды. 

  • 18 Шiлде 2022
  • 238
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Алмас Тоқабаевтың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Алмас Тоқабаев желідегі парақшасында бала психикасына әсер етеді деп бірнеше фильмдерді тізбектеп шықты. Оның айтуынша, әр кинодадан мін де, сын да табылады-мыс. Алмас Тоқабаев неге гей-фильмі мен қазақ фильмін салыстырды? 

"Гей-фильм алып тастағаны дұрыс десек, балалардың психикасына әсер ететін келесі киноларды да жояйық. Прям орталық алаңда өртейік. Ары қарай тізім бойынша:

1. "Менің атым Қожа". Қожаның мамасына мотоцикл мінген бір еркек подкат жасайды постоянно.
2. "Алдар көсе ". Байдың кәмелетке толмаған қызына алдап үйленеді.
3. "Махаббат станциясы". Ашық эротика.
4. "Менің сүйікті дәрігерім". 70 жастағы шал әуретін ашып бассейнге түседі.
5. "Тақиялы періште". Сатушы әйел алкоголь көмегімен зинаға итермелейді.
6. "Транссібір экспресс". Кәмелетке толмаған қыз ғашық болып пойыздың артынан шабады.
7. "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" мультфильмі. Әйел омырауын жалаңаштап бала емізіп отырады.
8. "Ақсақ құлан" мультфильмі. Хан зорлық -зомбылық насихаттайды.
9. "Сұлтан Бейбарыс". Сұлтан көп әйел алуды насихаттайды.

Қарасаң әр фильмнен бір кемшілік табуға болады және бәрі өртеуге сұранып тұр.

Тек идеал түсірілген "Балалық шағымның аспаны" ғана, сол қалсын", деп жазды.  


"Қыз Жібекті неге қоспадыңыз? Тұнып тұрған негатив пен жаман жолға итермелеу ғой біздің көзқарас бойынша: Төлегеннің күшік күйеу болуы, Қыз Жібектің суицид жасауы, нудизм, вуайеризм, Бекежанның арқадан оқ атуы, Қыз Жібектің спальныйына кіріп кетуі, Бекежанды ағашқа байлап қойып, бетіне түкіріп қорлау секілді бір түрлі сот үрдісі. "Шолпанның күнәсі" туралы ваще молчу", ""Гаухартас" фильмін ұмыттыңыз. Жеңгесіне ғашық болған бала", "Сұлтан Бейбарыспен келіспеймін", деп пікір қалдырды оқырмандар.  

 

Гей-фильм алып тастағаны дұрыс десек, балалардың психикасына әсер ететін келесі киноларды да жояйық. Прям орталық алаңда…

Posted by Алмас Тоқабаев on Saturday, July 16, 2022