Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тоқтар Жақаштың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Атырауда "Мектепке жол" қайырымдылық шарасы аясында бірінші сыныпқа баратын балаға мынандай, дәу көкеге шақ шалбар әперіпті! Нұрлыбек Нәлібаев тойға шашқан қаржыға бүкіл Қызылорда облысының оқушыларын түгел киіндіруге жетер еді!", деп жазды.
"Сорлы басшылар , басқасын айтпағанда жылына бір рет беретін осы көмекті тыныш ақшалай бере салса болады ғой", "Әйтеуір ақша жеудің амалы. Ақшалай берсе өзіне лайық киім алып береді ғой. Бес мыңдық шалбар болса, он мыңдық шалбар бердік деп, бес мыңын жеп қалудың амалы", "Ойбооойй. Сирағы үш метр адам киетін шалбар ғой мынау", "Билікте АР-ҰЯТ деген әдірәм қалды ғо", деп реніштерін жазды оқырмандар.
Атырауда "Мектепке жол" қайырымдылық шарасы аясында бірінші сыныпқа баратын балаға мынандай, дәу көкеге шақ шалбар…
Posted by Тоқтар Жақаш on Tuesday, August 16, 2022