Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жүргізіледі

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жүргізіледі

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүреді, бұл кезде нысан толығымен тоқтатылмайды.

  • 18 Тамыз 2022
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қыркүйек-қазан айларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) және бақылау-өлшеу аспаптарын (БӨА) куәландыруға байланысты Атырау МӨЗ-де жоспарлы алдын ала жөндеу жүргізілетін болады.

АМӨЗ-дің артықшылығы – мұнайды қайта өңдеудің екі ағынды схемасы, яғни объектілер кезекпен тоқтап, іске қосылады. Зауыттың 50-70% қуаты жұмысын жалғастырады, объектілер толық тоқтатылмайды», — делінген ведомствоның ақпараттық хабарламасында.