"Нағыз алаяқтық қой": Әлі шықпаған кітабын сатқан Балқия Балтабайдан ақшасын қайтаруды талап еткендер көбейген - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нағыз алаяқтық қой": Әлі шықпаған кітабын сатқан Балқия Балтабайдан ақшасын қайтаруды талап еткендер көбейген

"Нағыз алаяқтық қой": Әлі шықпаған кітабын сатқан Балқия Балтабайдан ақшасын қайтаруды талап еткендер көбейген

Баспадан әлі шықпаған кітабын сатып жіберген психолог, блогер Балқия Балтабайдан ақшасын қайтаруды талап етушілер көбейе бастаған.  

  • 19 Қыркүйек 2022
  • 246
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ең қызығы психологтың оқырмандары ақшасын қайтарып беруін талап етіп жатса да, блогер кітабін сатудан әлі де кет ары емес. 

"Қайда жүрсем де, “Жүрек Тыныштығым” өзіммен бірге. Әлі де кітапқа байланысты сұрақтар таусылмай жатыр. Осында жауап беріп кетейінші, деп жазды ол. 

1) Кітапқа төлем жасадым, қашан аламын?

— Кітап әлі баспада! Шыққан жоқ!

Бірақ, жоспарымыз бойынша осы қыркүйек айының соңы шығады, Алла бұйыртса! — Сторис постта хабарлаймыз, сондықтан парақшаны аңдыыыып жүріңіз» 

2) Кітап шыққан соң қайдан аламын?

— Әр қалада (мысалы: Астана, Атырау, Шымкент)

Өзіміздің өкіл болады! Сол өкілдерден аласыз. Өкілдердің адресін де, номерін де сторис, постта жариялаймыз, Алла бұйыртса))

3) Кітапқа әлі де тапсырыс бере аламын ба? Қайда жазамын?

— Әрине, кітап сатылымда, тапсырыс бере аласыз
!, деп жазды Балқия Балтабай.   

Айта кетейік, шықпаған кітаптың бағасы 6500 теңге. 

Оқырмандар "Ең бірінші ақшаңды алып, сосын шығаратын қандай кітап ол? Нағыз алаяқтық қой. Вот это бизнес", "Соны айтам, нағыз саудагер ғой масқара", "Сенің сторизіңді аңдудан басқа жұмысымыз жоқтай айттың-ау", "Ақшамды қайтарып бер", "Ішінде оқитын ештеңе жоқ деп жатыр ғой" , -деген сынды пікірлер жазды. 

 
 
 

 

 

Соңғы жаңалықтар