Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірін Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірін Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірін Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады

Ел президенті өз құттықтауын твитттерде жазды.

  • 19 Желтоқсан 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады, — деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы. 

"@TamimBinHamad, сізді #FIFAWorldCup додасын сәтті өткізулеріңізбен құттықтаймын. Бұл турнир әлемдік футбол тарихында биік рухтың, әділ ойын мен қатарлықтардың ерекше қонақжайлығының белгісі болып қалады", — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Катарда өткен футболдан әлем кубогі мәресіне жетті.Финалдық кездесуде Аргентина құрамасы пенальтиден Франциядан басым түсіп, жеңіске жетті.