Зардап шеккен адамдарға дәрігерлік көмек көрсетілді.
Төтенше оқиға Шемонаиха теміржол бекетінде болған. Жүк тасымалдайтын отарбаны қабылдап тексеру кезінде вагондардың біріне тиелген 530 дана 20 литрлік ыдыстардың бірінен плавик қышқылы төгіліп жатқаны анықталды.
Агенттік ақпаратына сәйкес, қазір вагон темір жол тұйықталымына , қауіпсіз жерге жеткізіліп, айналасына қоршау қойылды. Жүкті жіберуші «Үлбі металлургия зауыты» ААҚ-ның апаттық тобы оқиға орнында төгілген қышқылды жою, зарарлы учаскені тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.