Жалған терроризмнің саны 2020 жылмен салыстырғанда үш есе өсті – Сағымбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалған терроризмнің саны 2020 жылмен салыстырғанда үш есе өсті – Сағымбаев

Жалған терроризмнің саны 2020 жылмен салыстырғанда үш есе өсті – Сағымбаев

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді.

  • 26 Наурыз 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сағымбаев Қазақстанда "жалған терроризмнің" саны 2020 жылмен салыстырғанда үш есе өскенін атап өтті. Ол анонимді хабарламалар көп жағдайдаинтернет арқылы таратылатынына ерекше назар аударды.

Осыған ұқсас фактілерге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатындаведомствоаралық іс-шаралар жоспары әзірленді және отырыста бекітілді.

"Отырыста қосымша терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу мақсатында арнаулы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл мәселелері қаралды", — делінген хабарламада.

Ермек Сағымбаев жедел іс-шараларды өткізуге жұмылдырылған басшылар мен лауазымды тұлғалардың біліктілігін үнемі көтеру, террористік қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жүргізу бойынша ақпаратты және тәжірибені алмасу механизмдерін жетілдіру қажеттілігіне тоқталды.