Түрікменстанда Меджлис депутаттарын сайлау өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстанда Меджлис депутаттарын сайлау өтіп жатыр

Түрікменстанда Меджлис депутаттарын сайлау өтіп жатыр

Бүгін таңертең Түрікменстанда Меджлис депутаттарын, сондай-ақ халк мәслихаты мен Генгеш мүшелерін сайлау бойынша дауыс беру басталды.

  • 26 Наурыз 2023
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат TDH-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Елде барлығы Түрікменстан Меджилисінің 125 депутаты сайланады.

Велаят Халк мәслахаты мүшелерін сайлау – 240, этрап және қалалық халк мәслихаты мүшелерін сайлау – 960, Генгеш мүшелерін сайлау 5897 сайлау округтерінде өтеді. Дауыс беруді өткізу үшін 2644 сайлау учаскесі құрылды.

Ағымдағы сайлауда 240 сайлау учаскесінен онлайн трансляция жүргізіледі. Бұл дауыс беру процесінің барынша ашықтығын, сондай-ақ ең озық технологияларды пайдалануға ұмтылуды көрсетеді.


Мәжіліс депутаттарын, халк мәслахаты мен Генгеш мүшелерін сайлау бойынша барлығы 3,5 миллионға жуық электорат тіркелген.