Эйр Астана әуе компаниясының президенті Ллойд Пакстонның айтуынша, «бұл — компания сатып алуды көздеп отырған осындай үлгідегі бес ұшақтың бірі». Оның айтуынша, 50 орынды «Фоккер-50» ұшағы ішкі бағыттарда пайдаланылады.
Астанаға бүгін келіп қонған ұшақ бұған дейін Скандинавия елдерінде қызмет еткен.
«Ұшақ Қазақстан әуежайларындағы ұшу-қону алаңдарына қона алумен бірге, осындағы ауа-райы ахуалына да лайық, орнықты ұшақ болып келеді»,- дейді Л.Пакстон.
«Эйр Астана» әуе компаниясының ақпаратына сәйкес, мамыр айының соңына дейін осындай тағы да 4 ұшақ әкелінеді. Нәтижесінде, әуе компаниясының көлік қоры 11 ұшақтан тұрмақ. Қазіргі жағдаймен, компанияның көлік қорында үш бірдей «Бойнг-737», үш бірдей «Бойнг-757» ұшағы бар.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр