Ол оны Парламенттен бір теуіп шығаруын талап етіп, сотқа беретінін ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Дина Таңсәрінің айтуынша, ол Қарақат Әбденге қарсы петиция дайындамақ екен.
«Мен грузин азаматына тұрмысқа шыққан қыздың анасы ретінде, мұндай бастама үшін, сотқа беретінімді мәлім етемін!
Бұл ұлт белгісіне байланысты дискриминация болып саналады. Мен көп құрметтей бермейтін ханым адам құқығы жайлы біле ме өзі? Мен петиция дайындап, Қазақстан Парламентінен бір теуіп шығаруын талап етемін! Ел Конституциясын бұзғаны үшін», — деп жазды ол желідегі парақшасында.