Танымал саясаткердің бірінші жары Нұрбике Нұрқаділованың сөзінше, өзімен ажырасқаннан кейін саясаткер ұл-қызымен араласып тұрған. Әсіресе көзі тірісінде ол Қайратпен жақсы болған. Ал қызы Құралай Нұрқаділова оны кешіре алмаған көрінеді.
"Өмірден өтетін кезінде Құралайдың тігін студиясына келіп, кешірім сұрады. "Құралай қызым, мен енді жақсы әке болдым ба, жаман әке болдым ба… Кешір" депті. Құралайдан кешірім сұрады. "Денсаулығым жоқ, денсаулығым нашар" деген. Ол кезде қызметтен түсіп қалды ғой. "Папа, не менімен тұр, не Қайратқа қайт" депті Құралай. "Қайтам ғой, қайтам ғой" деген екен. Сол кезде Құралайдың офисінде түскен суреттері бар. Бұл қыркүйек айы болатын. Қарашада кетіп қалды", — деп көзіне жас алды Нұрбике Нұрқаділова.