Ақмола облысында 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды

Ақмола облысында 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды

Ақмола облысында 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды.

  • 9 Сәуiр 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 8-де сағат 22:00 Целиноград аудандық ПБ-не Қараөткел ауылының тұрғыны хабарласып, 4 жасар ұлын іздеп табуға көмек сұраған. Ата – анасының сөзінше, бала сағат 17:30 үй ауласына ойнауға шыққан екен.

«Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын қолға алды, соның нәтижесінде баланың денесі үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан табылды. Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешімі қабылданады», — деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында суға батып кеткен трактордың жүргізушісі іздестіріліп жатқандығы жарияланған едік.