Атбасарда екі адам итті сойып, етін жемек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атбасарда екі адам итті сойып, етін жемек болған

Атбасарда екі адам итті сойып, етін жемек болған

Ақмола полицейлері Атбасарда жануарларға қатыгездік көрсету фактісін анықтады.

  • 9 Сәуiр 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою фактісін анықтады, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы polisia.kz-ке сілтемежасап.

Түнде екі адам көшеде итті байқап, оны тамаққа пайдалану шешімін қабылдағаны алдын-ала анықталды.

«Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін олар жануарды пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған», – деп жазды министрліктен.

Бұл факт ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.


Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді, қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жалғасуда, полицейлер оқиғаның басқа жағдайларын анықтауда.